Бокс
Бүгін 12:34

Операциядан оңалған Канелоның келесі айқасы белгіленді

©instagram.com/canelo

Екінші орта салмақта бұрынғы абсолют чемпион Сауль Канело Альварес (63-3-2, 29 КО) 12 қыркүйекте рингке қайта оралады, деп хабарлайды Vesti.kz.

35 жастағы мексикалық боксшы бұл шешімін Сауд Арабиясының Ойын-сауық істері басқармасының басшысы Турки әл Аш-Шейхпен кездесуі кезінде мәлімдеді.

Туркидің айтуынша, алдағы жекпе-жекте әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. "Мексика қалған әлемге қарсы" атты бокс кеші Эр-Рияд қаласында өтеді және Канелоның жеке промоутерлік компаниясы - Canelo Promotions үшін алғашқы ірі жоба болмақ.

Соңғы жекпе-жегін Канело 13 қыркүйекте өткізген еді. Ол кезде мексикалық боксшы екі салмақ жоғары көтерілген америкалық Теренс Кроуфордтан жеңіліп, екінші орта салмақтағы абсолют чемпион атағынан айырылған болатын.

2025 жылдың соңында мүлде жеңілмеген Кроуфорд (42-0, 31 КО) карьерасын аяқтады. Ал Канеломен болған жекпе-жек келісімшартында қарымта кездесу қарастырылмаған. Сол жеңілістен кейін Альварес иығына ота жасатқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport