"Оны "Құдай" деп қояды". Америкалық боксшы Ломаченконы сол қолымен нокаутқа түсірмек

Сурет: AllFight.Ru
Жеңіл салмақта IBF чемпионы Теофимо Лопес (15-0, 12 КО) осы дивизионда WBA, WBO және WBC титулдарына ие украиналық Василий Ломаченкомен (14-1, 10 КО) алдағы жекпе-жектен не күтетінін айтты,- деп хабарлайды Sports.ru

"Адамдар оны тоқтату мүмкін еместігін айтады, ол - "Құдай" деп қояды, бірақ, мен көргенді ешкім көре алмайды. Оның сайд-степ, ал менде сол жақ хук бар, ол осы соққыма ілінеді деген ықтимал бар. Оның ары-бері жүрісі жеңімпазды анықтамайды. Менің бокстағы дағдымды толыққанды қолданғанымды әлі ешкім көрмеген. Оның үстіне мен екі қолыммен де соққы жасаймын.

Бәріне дайынмын. Ол мені жете бағаламай отыр, ал мен керісінше", - дейді Лопес.

Лопес пен Ломаченко арасындағы абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жек 17 қазанда өтеді.