Ол "Канелоның" қазақстандық Геннадий Головкинмен болған екі жекпе-жегін мысалға келтірді.
"Менің айтқаным - ол пікір ғана. Кей адамдар екі жекпе-жекте де "Канело" жеңді деп ойлайды. Бокста әрдайым осылай болып келген - мегафайтта әдетте қыруар ақша жинайтын боксшы жеңеді. "Канело" - әлемдік бокстың басты жұлдызы, ол үлкен табыс әкеліп тұрғанда оның жеңілуіне жол бермейді", - дейді Стангрит.
"Канело" мен Головкин екі рет жұдырықтасқан. 2017 жылы боксшылар тең түсті, ал 2018 жылы GGG төрешілер шешімімен жеңілді.