Бокс
4 маусым 2019 17:36

"Онда құбыжықтар айқасады". Британиялық журналист Қанат Исламның Головкин салмағындағы мүмкіндігі жайлы

Қанат Ислам. Сурет: Vesti.kz
MMA Plus спорт сайтының британиялық тілшісі Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қанат Исламның (25-0, 20 КО) рингке оралуына қатысты пікір білдріді.


5 шілде Алматыда Қанат Ислам орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте қазақстандықтың қарсыласы америкалық Габриэль Росадо (24-2, 14 KO) болуы ықтимал. Айта кетейік, Росадо өзге қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасқан.

"Исламда орта салмақта белбеулер жеңіп алу мүмкінідігі аз деп ойлаймын. Мұндай қандай құбыжықтар айқасып жүргенін қараңыздар. Орта дивизионда бәсекелестік өте жоғары. Ислам рингке бір жарым жыл шықпады. Ол Головкинге, Джейкобс, Андраде немесе "Канелоға" не істей алатынын елестете алмаймын. Өз салмағына оралу керек еді, орта дивизионда мықтылармен жұдырықтаса алмайды", - деп атап өтті Смит.

Айта кетейік, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF белбеулері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО), ал WBO америкалық Деметриус Андрадеде (27-0, 17 КО).