Бокс
20 маусым 2020 11:24

"Онда бәрін тастап, сөзсіз тоқтатамын". Головкин карьерасын аяқтау жайында

Сурет: RingSide24
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының YouTube-тегі The Lockdown Tapes арнасына берген сұхбатында карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауап берді. 

38 жастағы Головкин кәсіпқйой рингте 2006 жылдан өнер көрсетіп келеді және осы уақытқа дейін 42 жекпе-жек өткізді.

"Қазір өз ісімнен ләзәт аламын. Отбасым немесе жеке басыма қатысты ұстанымдар кері тартпайды. Бокспен айналысуға уақытым бар, одан рахаттанамын. Ал бокстан ләзәт алмай қалған уақытта бәрін қоятыным сөзсіз. Сонымен қоса, денсаулығым сыр бере бастаса да тоқтатамын.

Қазіргі таңда өзіме жетерліктей жағдай жасадым. Бірақ адамның жаратылысы сол, бәрібір аз болып тұрады. Дамытуға болатын түрлі бағыт бар - рекорд, ақша, жетістік, басқа да - не қалайтыныңа байланысты. 

Әл әзірге қарапайым адамның өмірін кешетінімді елестете алмаймын. Өйткені іштегім, боксқа ұмтылысым ешқашан өлмейді. Қазір көрсетіп жатқаным менімен мәңгі қалады, адам өзгермейді", - дейді Головкин.