"Оңайырақ болады". Сарапшы Әлімханұлының белбеу қорғауына қатысты

©twitter.com/qazaqstyle

Delcotimes.com журналының журналисі Джек МакКафери Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлының алғашқы қорғауына қатысты ойымен бөлісті.

"Әлімханұлының артықшылығын көрдім. Жекпе-жек кезінде күшін жақсы сақтады. Бірақ қарсыласына мүмкіндік қалдырмай жеңді деп айта алмаймын. Қазақстандық боксшы тәжірибесінің арқасында жеңіске жетті. Алайда толыққанды өз-өзін көрсете алмады. Мысалы Жәнібек осыған дейінгі қарсыластарына қарсы өз стилін көрсетіп келсе, бұл жолы Бентли Жәнібекке кәдімгідей бәсекелестік таныта білді. Бұдан былай Әлімханұлына өз стилін көрсетемін десе дайындығын күшейту керек. Себебі бұдан кейінгі бәсекелстері мықты бола бермек. Ең бастысы басым түсіп, белебеуін қорғап қалды. Енді оған психологиялық тұрғыда оңайырақ болады", - дейді МакКафери.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы айқасында британиялық Дензел Бентлимен қолғап түйістіріп, ұпай санымен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport