"Оңай емес, отбасын ешкім қайтара алмайды". Жәнібек Әлімханұлы коронавирус жайлы

Сурет: Top Rank Promotions
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) коронавирус індетімен бетпе-бет келген адамдарға қолдау білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз бар болғаны жекпе-жектерімізді жоғалттық, ал адамдар отбасынан айырылды. Бұл оңай емес. Бәрі реттелген соң біз жұдырықтасамыз, ал олардың отбасын ешкім қайтара алмайды. Індетке шалдыққандардың барлығына тезірек сауығуын тілеймін", - деп жазыпты боксшы "Твиттер" желісінде.