"Өлтіріп қоюы мүмкін". Аргентина "Кереметі" Головкинмен айқас жайлы

26 желтоқсан 2022 09:31
©"Чемпионат"

WBA рейтингінде үшінші тұрған 47 жастағы аргентиналық боксшы Серхио Мартинес (56-3-2, 31 КО) 2023 жылы титул үшін айқаса алатынына сенімді. "Керемет" лақап аты бар әлемнің бұрынғы чемпионы өміріне қауіп төнсе де, Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шақырмақ. 

"Егер кімді айқасқа шақырасың десе, Головкинді атар едім. Біреулер Головкин мені өлтіріп қояды деуі мүмкін. Ол мені өлтіріп тастауы да ықтимал екенін білемін. Мүмкін олай емес те шығар. Мен оған бокстан бір сабақ үйрете аламын. Әр күн сайын мықты болып келемін. Мен қазіргі таңда бұрынғыдай ғана мықты емеспін, әлдеқайда күштімін", - деп береді Мартинестің сөзін BoxingScene.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport