Колумбияда өткен бокс кешінде жергілікті 25 жастағы Луис Куиньонес (10-1, 6 КО) 21 жастағы венесуэлалық Хосе Муньостен (9-0, 7 КО) нокаутпен жеңілді, деп хабарлайды vRINGe.com.
Боксшылар бір-бірін аямай, нағыз айқас көрсетті. Сегізінші раундта колумбяилық боксшы есінен танып құлады. Нокауттың ауыр болғаны сонша, оны зембілге салып рингтен алып кетті. Видеодан боксшының сол күйі есін жимағаны және қолдары сірескен күйі жоғары көтеріліп қалғаны көрінеді.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, Куиньонеске операция жасалды, алайда, бәрібір оның жағдайы ауыр екен.