Қазақстан құрамасының белді өкілдерінің бірі Дариға Шәкімова "Странджа кубогінің" финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Кіші әлем чемпионатының жартылай финалында Шәкімова ресейлік Саадат Далгатовамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде 66 келіде сынға түскен жерлесіміз 0:5 есебімен есе жіберді. (27:30, 27:30, 27:30, 27:30, 27:30).
Еске салайық, Дариға Шәкімова 2016 жылы Рио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді. Болгария астанасындағы турнирде осыған дейін Назым Қызайбай финалға шыққан болатын.