Олимпиаданың жартылай финалында төрешілер аяқтан шалған қазақ боксшысына көлік сыйлады
Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновқа жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновқа жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Спортшыны Түркістанның әуежайында қарсы алып, облыстың кәсіпкерлері оған жаңа "Тойота" көлігін сыйға тартты. Бұл жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев те қатысты.
"Сәкеннің "қоласы" - Түркістан облысы тарихындағы бірінші олимпиадалық жүлде. Біз үшін ол "алтынға тең", - деп береді Шөккевтің сөзін әкімнің баспасөз қызметі.
"Маған қолдау білдірген Қазақстанның барша халқына алғысымды білдіремін. Әрине басты мақсатым "алтын" еді. Бірақ болғаны болды. Ары қарай да Қазақстан атын шығарып, бұдан үлкен жеңістерге жетуге уәде беремін", - дейді боксшының өзі.
Еске салайық, Олимпиаданың 52 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалында 24 жастағы Сәкен кейін чемпион атанған британиялық Джалал Яфайға есе жіберді. Дегенмен кейбір сарапшы қазақстандық боксшының ол айқаста ақысын жеді деген ойда.
Жарнама