Олимпиаданың екі дүркін чемпионына кәсіпқойда қарсылас табылды
Олимпиаданың екі дүркін чемпионы ресейлік Алексей Тищенко кәсіпқой боксқа ауысады. 27 мамыр Омбыдағы бокс кешінде ол рингке шығуы мүмкін, деп хабарлайды Allboxing.ru промоутер Владимир Хрюновқа сілтеме жасап. Алайда боксшының өзі нақты бір шешімге келмеген екен.

Хрюновтің сөзінше, 27 мамырдағы бокс кешінде 37 жастағы Тищенко кәсіпқойдағы алғашқы айқасын 42 жастағы венесуэлалық Неомар Серменоға қарсы өткізеді.
Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ. Алайда боксшы бұл ақпаратты толық растамады.
"Бұл ұсынысқа қатысты нақты шешім қабылдамадым. Әлі ештеңеге қол қоғам жоқ", - деп береді Тищенконың сөзін "МК-Спорт".
Тищенко 2004 жылы 20 жасында Афиныдағы Олимпиадада чемпион болды, ал төрт жыл өте Бейжіңде қайтадан алтын алды. Одан кейін желке тұсындағы омыртқа жарақатына байланысты карьерасын аяқтады, бірақ, бұл туралы 2011 жылы ғана ресми жариялады.
Жарнама