Олимпиаданың екі дүркін чемпионы. Бокстан әлем чемпионатында күтпеген сенсация болды
Олимпиаданың екі дүркін чемпионы кубалық Роньель Иглесиас Белградтағы әлем чемпионатының бірінші айқасында-ақ жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Олимпиаданың екі дүркін чемпионы кубалық Роньель Иглесиас Белградтағы әлем чемпионатының бірінші айқасында-ақ жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/32 финалда ол иорданиялық Зеяд Эшаиштен төрешілер шешімімен есе жіберді. 33 жастағы Иглесиас 69 келіде Токио ойындарының жеңімпазы атанған, ал Белградта 71 келіде өнер көрсетті. 2008 жылы ол Бейжіңде қола иеленіп, 2012 жылы Лондонда 64 келіде чемпион болған. Сонымен қоса, кубалық боксшы 2009 жылы әлем чемпионы атанған және 2017 жылғы әлем біріншілігінде күміс жеңіп алған еді.
Иорданиялық боксшының келесі қарсыласы словениялық Эдин Сайдинович болады.
Жарнама