Бокс
20 қазан 16:21
 

Олимпиадаға барған боксшы ел чемпионатының финалына шыға алмады

  Пікірлер

blog.share

Олимпиадаға барған боксшы ел чемпионатының финалына шыға алмады ©Турар Казангапов

Түркістан облысының өкілі Мұхамедсабыр Базарбайұлы Семейде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жартылай финалында қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Түркістан облысының өкілі Мұхамедсабыр Базарбайұлы Семейде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жартылай финалында қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Алматы қаласының боксшысы Фарух Тохтасыновпен жұдырықтасты.

Бірінші раунд Базарбайұлының пайдасына аяқталды — 4:1 есебімен. Алайда екінші раундта Тохтасынов басымдық танытып, дәл сондай есеппен жауап берді.

Шешуші үшінші раундта алматылық боксшы төрешілердің 3:2 есебімен қолдауына ие болып, жеңісті жұлып алды.

Осылайша, Фарух Тохтасынов финалға шығып, онда Абылайхан Жүсіповпен кездеседі. Жүсіпов өз кезегінде жартылай финалда Нұрбек Мұрсалды айқын басымдықпен жеңген болатын.

Айта кетейік, Мұхамедсабыр Базарбайұлы 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысып, турнирдің ширек финалына дейін жеткен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!