Өзбекстан құрамасының бапкері Акмаль Хасановқа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сыйға көлік тарту етті, деп хабарлайды Upl.uz.
Бапкер қырғыз боксшы Мунарбек Сейитбек уулуна Париж Олимпиадасында тарихи жетістікке жетуге көмектескен.
Сейитбек уулу Парижде бапкерсіз жекпе-жектер өткізіп жатықанында, өзбек бапкер оған өз бетінше көмектескен еді. Осылай, қырғызстандық бкосшы 57 келіде тек өзбекстандық Абдумалик Халоковтан ғана жеңіліп, Қырғыз елінің тарихында бокстан Олимпиаданың алғашқы жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Хасановқа Шыңғыс Айтматов атындағы марапаты табысталды. Сонымен бірге, Ыстық көлге жолдама берілді.