Олимпиадада ортаңғы саусағын көрсеткен атышулы ирландиялық боксшының жекпе-жегі көрерменсіз өтеді

Майкл Конлан. Сурет: americansport.ru
17 наурыз Нью-Йоркке белгіленген бокс кеші коронавирус себебінен һтпей қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Boxingscene.com. Бұл кеште жартылай жеңіл салмақта ирландиялық Майкл Конлан (13-0, 7 КО) колумбиялық Белмар Пресиадомен (20-2-1, 13 КО) жекпеөжекке шығу керек. 

Дегенмен шоуды ұйымдастырушы Top Rank компаниясы жекпе-жек көрермендерсіз өтеді деген үмітте. Ал билет сатып алып қойғандарға ақшасы қайтарылады.

Еске салайық, Риодағы 2016 жылғы Олимпиаданың ширек финалында Майкл Конлан төрешілер шешімімен ресейлік Владимир Никитиннен жеңілген еді. Бұған келіспеген боксшы жекпе-жектен кейін төрешілерге ортаңғы саусағын көрсетіп, әуесқой карьерасын аяқтайтынын мәлімдеген. 

При этом ирландец отомстил россиянину на профессиональном уровне, победив его в декабре судейским решением.

Кейін ирландиялық боксшы кәсіпқой рингте ресейлікке есесін қайтарып, төрешілер шешімімен жеңген. 
Жаңалықтар