"Олимпиадада есемді алам, одан кейін...". Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқойға кететінін мәлімдеді
Тәуелсіз Қазақстан боксының тарихында жерлестеріміз сары құрлық додасынан ешқашан алтынсыз қайтқан емес. Алайда жуырда ғана БАӘ өткен Азия чемпионатында Ғалымбек Кенжебаев баптайтын жігіттеріміздің бесеуі финалға шығып күміс жүлдеден ары аса алмаған болатын. Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Қамшыбек Қоңқабаев жарыс нәтижесі бойынша Vesti.kz тілшісіне пікір білдірді.

- Соңғы күндері отандық спорт мамандары мен жанкүйерлердің ең көп талқылаған тақырыбы Азия чемпионаты болды. Осы орайда Дубайдағы біріншілік жайында не айтасыз?
- Азия чемпионатындағы финалдық жекпе-жекке тоқталсам, кінәнің бәрін өзімнен көрем. Ешкімге ешнәрсе демеймін. Әлі де болса мұндай бәсекелерде жеңіске жету үшін бір емес екі бас жоғары болу керек екеніне көзім жетті. Болмаса қарсыласты айқын басымдықпен ұту үшін құлату керек. Бұйырса алдағы уақытта дайындалып, Олимпиада ойындарында есемді қайтарамын. Ел абыройын асқақтатып, әнұранымызды шырқатуға бар күшімізді саламыз. Ал төртжылдықтың басты додасы аяқталған соң кәсіпқой боксқа ауысам.
Жарнама