Олимпиадада дауға қалған боксшы титулды айқаста нокаутқа түсті
Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өткен бокс кешінде жартылай жеңіл салмақта IBF чемпионы мексикалық Луис Альберто Лопес (28-2, 16 КО) жергілікті жұлдыз Майкл Конланды (18-2, 9 КО) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, алайда бесінші раундта Конлан құлаған сәтте, оның командасы бірден ақ орамал лақтырды.
BELFAST SILENCED.@VenadoLopez1 does it again ?? #LopezConlan pic.twitter.com/3KEvNcIe4n
— Top Rank Boxing (@trboxing) May 27, 2023
Еске салайық, 2016 жылғы Рио Олимпиадасында Майкл Конлан ширек финалда ресейлік Владимир Никитиннен төрешілер шешімімен жеңілген еді. Мұнымен келіспеген ирландиялық рингте тұрып, қазыларға саусағын шошайтып, кәсіпқойға кететінін мәлімдеген болатын.
Жарнама