Олимпиада лицензиясына айқасады. Қазақстанның бірінші нөмірлі боксшылары іріктелді

©Нұрғали Жұмағазы

Бокстан Қазақстан құрамасының өз салмағындағы бірінші нөмірлері анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл боксшылар Астанада өткен Спартакиада қорытындысы бойынша іріктелді. 

Бұл жарыста 13 салмақта жүлделер жиынтығы сарапқа салынды. Чемпион болғандар Теміртас Жүсуіпов (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмұт Сабырхан (57 кг), Бейбарыс Жексен (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайулы (63 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Талғат Шәйкен (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Темірлан Мұқатаев (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Дамир Тойбай (+92 кг).

Келесі жылы бұл боксшылар Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиаданың лицензиясына таласады. 

Әзірге Қазақстан құрамасында Олимпиадаға екі жолдама бар, оны Қамшыбек Қоңқабев пен Карина Ибрагимова иеленген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport