"Олимпиада қалашығынан басқа жерге баруға болмайды". Ғалым Кенжебаев Токиодағы төртқұрлық жарысы туралы
Бокстан Қазақстан командасы 1-шілдеден бастап Олимпиада қарсаңындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Алматы облысында өтетін дайындық кезеңінен соң спортшылар Токиоға ұшуды жоспарлауда. Бұл туралы бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев мәлімдеді деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазіргі сәтте команда спортшылары аз күндік демалысқа кетті. Бір-екі күн бұрын ғана 21 күнге созылған оқу-жаттығу жиынымыз аяқталды. Мұнда негізінен физикалық дайындыққа басымдық бердік. 1 шілде күні жаттығу жиынымыз қайта жалғасады. Алматы облысындағы «Ақ Бұлақ» олимпиадалық базасында тек қана біздің команда спортшылары жаттығады. Токиоға 16 шілде күні ұшамыз", - дейді бас бапкер.
Сондай-ақ, Ғалымбек Кенжебаев Токио Олимпадасындағы шектеулерге қатысты өз ойымен бөлісті.
"Коронавирусты инфекцияға байланысты Олимпиадада көптеген шектеу болатыны анық. Мәселен, спортшылардың басқа команда мүшелерімен сөйлесуіне, араласуына мүлде рұқсат жоқ. Олимпиада қалашығынан басқа жерлерге баруға, қала ішінде әрі-бері жүруге болмайды. Қысқа айтқанда, спортшының бағыты жарыс өтетін орын мен Олимпиада қалашығының арасы болмақ. Одан бөлек, арнайы электронды қосымшаға күн сайын өзің туралы ақпаратты толтырып отырасың. Команда мүшелерінің біреуінен ПТР сынама оң нәтижемен алынса, тұтас команда карантинге жабылады. Осының бәрін ескеруіміз керек", - дейді бапкер.
Айта кетелік, Токио Олимпиадасындағы боксшылар бәсекесі 24-шілдеде басталады.
Жарнама