Бокс
30 мамыр 2025 09:41

Олимпиада жүлдегерін жеңген Бекбауов жартылай финалда мүлде күтпеген нәтиже көрсетті

©

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық Thailand Open-2025 турнирінің финалына жолдама үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда ол ринг иесі, 2022 жылғы Азия чемпионы және сол жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Бунджонг Синсиримен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің барлығы жеңісті ортақ шешіммен тай боксшысына берді.

Осылайша, Бекбауов турнирді қола жүлдеменн аяқтады.

Айта кетейік, Дулат Бекбауов — 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2022 жылғы Азия чемпионатының финалисі.

Бұған дейін ширек финалда өз елінің тарихына кірген - Мунарбек Сейитбек уулун жеңген еді. Қырғыз боксшы Париж Олиипиадасында финалға дейін жетіп, күміс жүлде жеңіп алды. Ол Қырғызстан тарихында Олимпиада жүлдесін алған жалғыз боксшы болып отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport