Бокс
25 сәуір 2019 13:50
 
Олимпиада жүлдегері Василий Левит Азия чемпионатында нокаутпен жеңілді

  Пікірлер

blog.share

Олимпиада жүлдегері Василий Левит Азия чемпионатында нокаутпен жеңілді Василий Левит. Сурет: Данияр Майлыбаев©

Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Василий Левит Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

91 келіге дейінгі салмақта 1/2 финалда Левит Оңтүстік Корея боксшысы Ким Хьен Кюмен жұдырықтасты. Қазақстандық екі рет нокдаунға түскеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Сонымен бірге, 64 келіге дейінгі салмақта тағы бір қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев жартылай финалда тәжікстандық Баходир Усмоновтан төрешілер шешімі бойынша жеңілді.

Осылайша, Левит және Төлтаев 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 

Осымен Қазақстан қоржынында үш қола жүлде. Мұның алдында Теміртас Жүсіповті қабағының жарылғанына байланысты ринге шығармады. Ол да қола жүлде иегері атанды. 

Жарнама

Живи спортом!