Бокс
3 наурыз 2022 21:16

Олимпиада жүлдегері Геннадий Головкинге қолдау білдірді

©olympic

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен жапониялық WBA "суперчемпионы" Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы айқасқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қос алып арасындағы жекпе-жек 9 сәуірге Сайтамада (Жапония) өтеді деп жоспарланып отыр. Аталмыш бокс кешін DAZN стримингтік сервисі тікелей эфирде таратады.

"Алға, чемпион", - деп жазды Қоңқабаев инстаграм парақшасында.

Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек кеші өткен жылдың желтоқсанында өтуі тиіс еді. Алайда Күншығыс елі коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салды.

Еске салайық, Қамшыбек Қоңқабаевтың өзі наурыз айының 25-ші жұлдызы кәсіпқой рингтегі бесінші айқасын өткізеді. Қоңқабаев Токио Олимпиадасында құрама қоржынына қола жүлдені салған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport