Олимпиада финалында Левитті сан соқтырған ресейлік Қазақстан тумасымен айқасады

2 желтоқсан 2022 00:00
©ҚБФ

2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиаданың жеңімпазы ресейлік Евгений Тищенко (10-1) кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін IBF белбеуіне үміткер болған Артур Маннға (19-2) қарсы өткізеді.

Бұл айқас 11 желтоқсан күні Екатеринбург қаласында болады. 

Тищенко мен Манн әуесқойлар арасында кездескен. 2014 жылы Санкт-Петерборда өткен турнирде ресейлік төрешілер шешімі бойынша жеңді. 

Еске салайық, 2016 жылғы Олимпиаданың финалында Тищенко төрешілер шешімімен Қазақстанның өкілі Василий Левитті жеңген болатын. Алайда бұл шешім кейін дау тудырды. Тіпті қарапайым көрермендер бұған наразы болған еді.

Айта кетейік, Манн Қазақстанның тумасы. Бірақ қазір ол Германияның намысын қорғайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport