Олимпиада чемпионынан қорыққан боксшы рингке шықпай қойды

©fightnews

Бокстан Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов "Страндж Кубогінің" екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Өзбек боксшысы кіші әлем чемпионатының алғашқы айналамында Томасо Скиаччомен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда 21 жастағы италиялық былғары қолғап шебері рингке шығудан бас тартты. Нәтижесінде өзбекстандық екінші айналымға еш қиындықсыз жолдама алып отыр.

Осыған дейін кәсіпқойлар арасында төрт айқасының барлығында жеңіске жеткен Дусматов былтыр әуесқойлар арасында әлем чемпионатының бірінші айналымында Сәкен Бибосыновтан жеңілген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: