Олимпиада чемпионына қатысты дау күтпеген жаққа бетбұрыс алды
©instagram.com/imane_khelif_10
Халықаралық олимпиадалық комитет алжирлік боксшы Иман Хелифке қатысты тергеу туралы пікір білдіруден бас тартты.
Халықаралық олимпиадалық комитет алжирлік боксшы Иман Хелифке қатысты тергеу туралы пікір білдіруден бас тартты.
БАҚ-та жарияланған ақпарат бойынша, гендерлік тест қорытындысы бойынша Хелифтен ерлердің хромосомасы анықталды, ал МРТ жатырдың жоғы мен ер адамның өте кіші жыныс мүшесі барын көрсеткен.
"Иман Хелиф Париж Олимпиадасы кезінде өзіне қатысты пікір айтқан тұлғаларға қатысты сотқа арыз берді, сонымен қоса, кейінгі хабарламаға қатысты да сотқа шағым түсіргелі отыр. ХОК сот шешімі шықпайынша БАҚ бетінде жарияланған күмәнді құжаттарға қатысты ешқандай пікір білдірмейді", - делінген ХОК хабарламасында.
Жарнама