Турнирдің осы кезеңіне дейін сегіз қазақстандық боксшының алтауы жетті: Сәкен Бибосынов (52 келі), Абылайхан Жүсіпов (69), Тұрсынбай Кұлахмет (75), Бекзат Нұрдәулетов (81), Василий Левит (91) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден аса).
Жарыстағы ең мықты қарсылас Нұрдәулетовке түсіп тұр. Финалға шығу үшін қазақ боксшысы Хулио Ла Круспен жұдырықтасады. Кубалық спортшы 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы (2011, 2013, 2015, 2017).
Қазақ боксшылары өнер көрсететін жартылай финалдық жұптар:
52 келіге дейін. Сәкен Бибосынов - Амит Пангхал (Үндістан)
69. Абылайхан Жүсіпов - Андрей Замковой (Ресей)
75. Тұрсынбай Құлахмет - Эумир Марсиаль (Филиппин)
81. Бекзат Нұрдәулетов - Хулио Ла Крус (Куба)
91. Василий Левит - Хулио Кастильо (Эквадор)
91 келіден аса. Қамшыбек Қоңкабаев - Джустис Хуни (Аустралия).