Олимпиада чемпионы Сәрсекбаев қазақ боксы жайлы ойын айтты

©sport.gov.kz

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы, Азия чемпионатында үш рет топ жарған Бақыт Сәрсекбаев қазіргі қазақ боксын сынға алды. Сәрсекбаев "Қазақ бокс стилін" жоғалтып алдық деп санайды. Бұл туралы ол instagram парақшасына жазды. 

"Барлық бокс жанкүйері 2000 жылдар басындағы Жиров, Ниязымбетов, Ибраимов, Оразалиев, Жұмаділов, Саттарханов және т.б. жекпе-жектерін көрсе деймін. Олардың барлығынан қапталдан жасайтын соққы, кросс, қарсыластан бұрын ұру, психологиялық қысым мен босаңсуға болмайтын ерік-жігерді байқайсың. Бұл нағыз қазақы бокс стилі болатын. Біз жас кезімізде сондай шеберлерге қарап тамсандық, еліктеп, соққыларымызды шыңдайтынбыз. Қазір сол шеберлік қайда? «Қазақ стилі» қайда кетті? Әлем чемпиондары неге өздерін дәлелдемейді? Қазіргі құраммен қайталанбас қазақ боксы стилін қайтара алуымыз екіталай", – дейді Бақыт Сәрсекбаев.

Айта кетейік, жуырда ғана Астанада 4 жылда бір келетін Спартакиада ойындары өтіп, еліміздің үздік боксшылары анықталды. Сол жарыс нәтижесінде ұлттық құрама алдағы ірі жарыстарға дайындалады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport