Олимпиада чемпионы мен қазақстандық нокаутшы АҚШ-тағы айқастан бас тартады

©Matchroom Boxing©

Қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) және Иван Дычко (10-0, 10 КО) АҚШ-тағы жекпе-жектерден бас тартады. Кәсіпқойлардың менеджері Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жоспардың неге өзгергенін айтты.

Дычко қараша айының басында жұдырықтасады деп күтілген, ал Елеусіновке нақты күн белгіленбеген еді. Алайда жағдай күрт өзгерді. 

- Зия, Нұр-Сұлтандағы бокс кешіне дейін Америкада жекпе-жектер бола ма?

- Жоқ. Болмайтынға ұқсайды. Дайындық жағы қалыс, ұйымдастыра алмайтын сияқтымыз. Одан да біржола Нұр-Сұлтандағы жақсы айқастарға дайындалған жөн. Бар назарды сонда бұру керек", - дейді Алиев.

Айта кетейік, Қазақстан астанасында өтетін бокс кеші 18 желтоқсанға жоспарланған. Елеусінов бірден екі титул үшін жұдырықтасуы мүмкін, ал Дычкоға карьерасындағы ең мықты қарсылас тауып бермек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар