Бокс
25 қыркүйек 2019 11:55

Олимпиада чемпионы "Кувалда" лақап атты қазақ боксшыдан жеңілгеніне сенбейді

© boxing2019.com
2016 жылғы Олимпиада және төрт дүркін әлем чемпионы кубалық Хулио Сесар ла Крус OnCubaNews.com порталына берген сұхбатында 2019 жылғы әлем чемпионатында қазақ боксшы Бекзат Нұрдәулетовтен жеңілгеніне келіспейді.


81 келі салмақтағы жекпе-жекте Нурдәулетов төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, сенсация жасады. Ал екінші раундта ла Крусты нокдаунға да түсірген еді.

"Әділетсіз шешім. Мен жеңгенмін. Әлем чемпионатындағы бесінші алтынымды алып қойды. Бапкерлерімнің айтқанын істеп, ұтып жатқанмын. Жеңілген тұсымды көрмедім. Көңілім қалды. Өкініштісі, спортта жеңіліс те болады. Қарсыластың деңгейі жақсы, жас болса да әлеуеті бар", - дейді кубалық боксшы.