1996 жылғы Олимпиаданың чемпионы Василий Жиров Қазақастан құрамасына чемпион атануға не жетіспейтінін айтты.
- Сіздіңше, қазақстандық бокс олимпиадалық жеңістеріне оралу үшін не істеу керек?
- Біріншіден, боксшыларды психологиялық тұрғыда қайрау керек, әр жекпе-жегіне соңғы рет айқасатынындай шығуы қажет. Олай болмаса, боксшы мақсатына жетпейді.
Олимпиадада мен сынған қолыммен жұдырықтастым. Ауырсынғанына қарамай бес жекпе-жек өткіздім. Мен өзіме осы Олимпиаданы жеңемін дедім. Сосын чемпион болдым. Міне осындай жігер болу керек", - дейді Жиров "Караванға" сұхбатында.