Олимпиада чемпионы қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді

©Independent.ie

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы - кубалық Робейси Рамирес (9-1, 5 KO) ирландиялық бокс ардагері Эрик Донованды (14-2, 8 KO) нокаутқа түсірді. 

Глазгода (Шотландия) өткен кәсіпқой бокс кешінде Рамирес қарсыласын бірінші раундта-ақ есеңгіретті.

Ал үшінші раундта кубалық боксшы Донованды есінен тандыра жаздады, бірақ, бұл жолы төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Рамирес техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport