Олимпиада чемпионы Джалоловтың басты қателігі айтылды
Ауыр салмақта Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловқа әуесқой бокстан кетіп, кәсіпқойға толық өту керек еді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында британиялық сарапшы Бен Смит осындай пікір білдірді.
Ауыр салмақта Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловқа әуесқой бокстан кетіп, кәсіпқойға толық өту керек еді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында британиялық сарапшы Бен Смит осындай пікір білдірді.
Джалолов қазіргі таңда әуесқой мен кәсіпқойды қатар алып жүр. Алайда қазір бар назарын Париж Олимпиадасына салып отыр.
"2020 жылғы Олимпиаданың чемпионы Джалолов әуесқойдан мүлде кетіп, бар назарын кәсіпқойға бұрса, айтарлықтай биікке жете алады. Қазір 29 жаста және оның мүмкіндігі азайып барады. Оның үлкен әлеуеті бары сөзсіз, бірақ алдағы екі жыл тек топ боксшыларға жақындауға ғана кетеді. Уақыт оның пайдасында емес. Кәсіпқойда мықты атану үшін қате жібермесетен батыл әрекет ету керек. Бәрібір де мүмкіндік аздау - өйткені ол әуесқойда көп уақыт жоғалтып алды", - дейді Смит.
Жарнама