Бокс
20 шілде 2020 18:04

Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты жаттықтырған біртуар бапкер көз жұмды

Сурет: hipwallpaper.com©
ҚР еңбек сіңірген бапкері Ақжол Асқарұлы 77 жасында қайтыс болды, - Қазақстан бокс федерациясы. 

Ақжол Асқарұлы Оңтүстік Қазақстан облысында бокстың негізін қалаған маман есептеледі, КСРО спорт шебері болған. ҚБФ оны біртуар спорт педагогы және профессоры деп атады. Маман ҚР еңбек сіңірген қайраткер атағын алған екен. 

"20 жылдай Ақжол Асқарұлы облыстың аға бапкері болды, спортта жетекшілік қызметте еңбек етті, спорт интернатын басқарды. Оның жетекшілігімен оңтүстік аймағымыздан КСРО, Еуропа чемпиондары, әлем чемпионаттарының финалистері - Нұржан Сманов, Қанатбек Шағатаев, Сұлтан Абдуразақов, Нұрхан Сүлейменов, Серік Өмірбеков, Аслуддин Умаров, Мұхтархан Ділдәбеков, Мырзағали Айтжанов пен Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов сияқты мықты боксшылар шыққан еді.

ҚБФ біртуар боксшы мен бапкердің туыстары, жақындары, әріптестері мен шәкірттеріне көңіл айтады. Сіздермен бірге қайғыдамыз", - делінген хабарламада.