Олимпиада чемпионы Әлімханұлының экс бапкерімен жаттыға бастады

©instagram.com/yeleussinovdaniyar

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов америкалық маман Бадди Макгиртпен жаттыға бастағаны жайлы хабарлады. Бұл жайында instagram парақшасында жазды. 

Бадди Макгирт қазақ жанкүйерлеріне таныс жаттықтырушы. Осыған дейін отандасымыз Жәнібек Әлімханұлымен бірлесе жұмыс істеп келген. Жуырда ғана Жәнібек өзге жаттықтырушыға ауысқан болатын. 

"Баддимен жаттығу ерекше әсер сыйлайды. Ол мені жақсы түсініп кетті әрі жаттығуды ыңғайлы жасап беруде. Менің жұдырықтасу стиліме өзгерістер де енгізуде. Адам ретінде ашы жарқын әрі тартымды тұлға. Ол қазақ боксшыларын құрметтейді. Бұған дейін мені, бәрі білетіндей, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, әкем Марат Елеусінов жаттықтырып келді. Бокс жайлы не білсем, бәрі үшін оған қарыздармын. Әкем әрқашан жаттықтырушым болып қалады. Кәсіпқой бокстың біз де біле бермейтін тұстары барын ұғынады. Сондықтан да екеуінің бірлескен тәжірибесі мені бұдан да күшті етері анық. Жақын арада Бадди мен әкемнің бірлескен жұмысының нәтижесін көретін боласыздар", - деп жазды боксшы. 

Бадди Макгирт – америкалық жаттықтырушы. Әйгілі Артуро Гатти, Майк Тайсон,   Антонио Тарвер, Хасим Рахман, Леймон Брюстер, Хоэль Касамайор, Вернон Форрест, Сергей Ковалев секілді танымал спортшылардың қабілетін шыңдаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар