Бокс
11 қыркүйек 10:45

Олиммпиада чемпионынан жеңілген қазақ боксшы мәлімдеме жасады

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жеңілістен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда Зейнуллинов Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы, өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаевтен төрешілер шешімімен есе жіберді.

"Ассалаумағалейкум, Қазақ елі!

Мен бар күшімді салдым, және өздеріңіз көргендей, бәрі Алланың қалауымен болды. Төрешілердің шешімі әділ болды ма, жоқ па – оны өздеріңіз бағалайсыздар. Ең бірінші Аллаға шүкір деймін!

Бапкерлеріме алғысым шексіз – оларсыз бұл жолдан өте алмас едім. Елімнің қолдауына мың алғыс! Сенімдеріңіз – менің басты күшім", – деп жазды боксшы өзінің Instagram парақшасында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport