"Ол туралы жаман ештеңе айтқым келмейді". Головкин бұрынғы бапкерінен не үшін кеткенін түсіндірді

©Reuters

Орта салмақта IBO және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) THE FIGHT with Teddy Atlas Youtube арнасына Тедди Атласқа берген сұқбатында бұрынғы бапкері Абель Санчес және қазіргі бапкері Джонатан Бэнкс туралы айтты. 

"Біреу туралы қазір жаман ешнәрсе айтқым келмейді. Бұл екеуі өмірге деген көзқарастары екі түрлі адам. Абельдің маған үйреткен барлық дүниесі үшін алғыс айтамын. Мен оны қатты құрметтеймін. Қазіргі бапкерім Бэнкске де рақмет. Қазір мен өмірімнің жаңа кезеңінен басымнан өткерудемін. Дегенмен мен өткенді де ұмытқан жоқпын. Өткеннен сабақ алып, тек мықты болып алға ұмтыламын", - деді ол. 

Айта кетейік, Головкин 2019 жылдың сәуір айында Абель Санчеспен жұмыс істеуді тоқтатан. 

Санчестің қол астында отандасымыз соңғы кездесуін 2018 жылы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport