"Ол мұны қалайды". Промоутер "Канело" мен Биволдың жаңа салмақтағы айқасы жайлы

21 қыркүйек 2022 07:59
©twitter.com/canelo

Жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Бивол мен суперорта дивизионда абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварестің жекпе-жегін ұйымдастырған британиялық промоутер Эдди Хирн ресейлік пен мексикалықтың екінші айқасын өткізуі ықтимал, деп хабарлайды "Чемпионат".

Альварес Головкинмен трилогиядан кейін бір немесе жарты жыл демалмақ, ал Бивол келесі кездесуінде Хильберто Рамиреспен жұдырықтасады. 

"Мақсат - Дмитрий Бивол. "Канело" жеңілісі үшін есе алғысы келетіні анық, алайда, Биволды 5 қарашада Рамиреспен ауыр жекпе-жек күтіп отыр. Алдымен ол жеңіске жетеріне көз жеткізуіміз керек. 

"Канело" жартылай ауыр салмақты қарастырып отырған жоқ деп ойлаймын. Бивол екінші орта дивизионға түсіп, абсолют чемпион атағы үшін айқасады деген ықтимал бар. Ол мұны қалайды ғой", - деп береді Хирннің сөзін Matchroom Boxing.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: