"Ол маған қарағанда көбірек таяқ жеген". Головкин "Канело" туралы

© boxingscene.com

Орта салмақта WBA және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО)  Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) мықты боксшылар рейтингіндегі орны туралы сөз таластыру қажет емес деп ойлайды. Себебі мексикалық шаршы алаңда Головкинге қарағанда көбірек жеңіліс тапқан, деп хабарлайды Fightnews.info.

Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.

"Көз арбастыру сәтінде мен не ойладым? Мен оған қарап тұрдым және ештеңе ойлаған жоқпын. Бұл кездесудің орны ерекше деп айту... Жоқ, әзірге олай емес. Қатардағы кездесу деп айту... Олай да емес. Бұл кездесуге басқа кездесулерге қарағандай қараймын. Яғни, үлкен жауапкершілікпен және қолымнан не келеді, бәрін жасаймын. 

"Канелоны" pound-for-pound рейтингінде қайда қояр едім? Мен ол туралы мүлде ойламаймын. Неге оған сонша көңіл бөлу қажетпін? Соңғы кездесуінде жеңілгенін білемін. Оның жеңілісі менікіне қарағанда көбірек. Басқа не туралы айтуға болады?" - деді Головкин.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport