"Ол күшейіп келеді". "Канелоның" командасы МакГрегормен жекпе-жек бойынша мәлімдеме жасады

Сурет: vRINGe.com
Төрт салмақта әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес UFC жұлдызы ирландиялық Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасуға дайын. Бұл туралы мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо Boxingscene.com порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

Мұның алдында DAZN стримингы қызметі Альварес пен МакГрегор арасында жекпе-жек өткізу жолдарын қарастырып жатқаны хабарланған. 

"БАҚ бетінде көріп жүргендеріңіздің көбі бос сөз. Қазір жекпе-жектер жоқ, жаңалықтар да жоқ. Бокс - бұл бизнес, егер Конор МакГрегор боксқа өтсе, онымен рингте кездесу өткіземіз. Бірақ Сауль жасамайтын бір нәрсе бар, ол жекпе-жек үшін тор (октагон) ішіне кірмейді.

Сауль карьерасының ең тамаша кезеңінде, ал ары қарай оны тең мықты жағынан ғана көресіздер. Ол күшейіп келеді, тәжірибесі мол, жас және көп соққы алмаған. Сондықтан бокста уақыты жетерлік", - дейді бапкер. 
Жаңалықтар