"Ол құбыжық, нокаутшы дейтін, ал не істей алды?". Канело Головкин туралы ащы шындықты айтты

©twitter.com/MatchroomBoxing

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварес америкалық Давид Бенавидес пен Калеб Планттың жекпе-жегіне қатысты ойын айтты. 

Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді де тілге тиек етті. 

"Қазір бәрі Давидті құбыжық көріп тұр. Бірақ бәрі сенің кімге қарсы тұрғаныңа байланысты. Ол жігіттер маған қарсы шыққанда жағдай басқа. Головкинмен солай болған. Бәрі оны нокаутшы және құбыжық дейтін, ал сайып келгенде ол не істей алды?

Бенавидеспен айқаста Плант алғашқы раундтарда анық басым болды. Плант менімен шыққанда бәрі өзгеше еді. Дегенмен Планттың нокаутқа түспегені Давидтің нашар екенін білдірмейді. 

Бенавидес - жақсы боксшы. Головкин туралы да бәрі солай дейтін, ол менімен шықпағанға дейін. "Ол құбыжық, сені нокаутқа түсіреді" деп шулады ғой. Ақыры рингте маған қарсы тұру мен басқа боксшылармен айқасу мүлде бөлек дүниелер екенін көрсеттім", - деп береді Альварестің сөзін Fightnews.info.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар