"Ол құбыжық". Кәсіпқой боксшы Головкиннің алдағы айқасы жайлы

©Pinterest

Жапониялық кәсіпқой боксшы Дайсуке Сугита (6-2, 3 КО) отандасы Риота Мурата (16-2, 13 КО) мен Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин - ол құбыжық. Патшалардың патшасы!Бұл айқасты әсте тамашалағым келеді!" - деп жазыпты ол твиттерде. 

Еске салайық, 12 қарашада Головкин - Мурата жекпе-жегі туралы ресми хабарланды. Бұл айқас Токиодағы Saitama Super аренасында 29 желтоқсанда өтіп, DAZN платформасында тарнсляцияланады.

Жеңімпаз орта салмақта IBF, IBO және WBA Super белбеулерін иеленеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport