Бокс
14 тамыз 2022 20:12
 
"Ол екі жүзді!". "Канело" Головкинді неге жек көретінін түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

"Ол екі жүзді!". "Канело" Головкинді неге жек көретінін түсіндірді ©boxingscene.com

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) тағы өзінің болашақ қарсыласы - қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) туралы жағымсыз пікірімен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Головкин - өзімшіл. Кадртан тыс адамдардан оның қандай екенін сұрап көріңіздер. Ал камера қосылса, ол өзін жақсы адам сияқты көрсетеді. Мен екі жүзді адамдарды жек көремін. Егер олар мені ақымақ десе, дей берсін. Мен өзімнің қандай екенімді білемін", - деді мексикалық Marca басылымына берген сұқбатында. 

Сонымен қатар, "Канело" не үшін Головкинді жек көретінін де айтты. "Ол мені арам, алаяқ деді. Сонымен қатар, ол менің командам елімді масқара қылып жатыр деді. Міне, осы үшін мен оны жек көремін", - деді мексикалық. 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді. 
 
Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!