25 қыркүйек Сайтамада (Жапония) белгілі боксшы Флойд Мейвезер кезекті тамашалық жекпе-жегін өткізеді. Бұл жолы америкалықтың қарсыласы аралас жекпе-жектің жапониялық шебері Микуру Асакура болады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қарсыластар жекпе-жек алдында көзарбасты, осы кезде америкалықтың оққағарларының бірі жапониялықты кеудесінен итеріп жіберді. Алайда Асакура еш ашуланбай, салқынқандылық танытты.