Бокс
10 ақпан 2021 10:26

"Одан кеш өзектілігін жоғалтады". Головкин -"Канело" жекпе-жегінің уақыты айтылды

Сурет: Sporting News

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек жақын арада өтуі қажет, әйтпегенде, өзекті болмай қалуы мүмкін. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей осындай пікір білдірді.

Оның сөзінше, Головкиннің "Канеломен" кез келген салмақтағы жекпе-жегі айтулы оқиға болады. 

"Алайда мексикалық боксшының жекпе-жек кестесі өте тығыз. Мамырда Йылдырыммен, кейін Сондерспен айқасады. Түрік боксшысының мүмкіндігі жоқ, ал "Канелоның" қазіргі дайындығы Билли Джодан әлдеқайда күшті. Бұл екі кездесуден кейін не болатыны белгісіз. Мүмкін Головкинмен трилогия немесе күзде Платпен шығады. Қазір GGG "Канеломен" бәсекелесе алатын санаулы спортшылардың бірі. Ал көрермендер мен жанкүйерлер бәсекені қалайды. Екі жақ та жағдайды жақсы түсінеді және жекпе-жек өткізу үшін қолдан келгенін жасайды", - дейді ол.
 
Сарапшы жекпе-жек өтуі ықтимал мерзімдерді атады.

"Олар күзде немесе келесі жылдың көктемінде кездеседі. Одан кейін жекпе-жек өзектілігін жоғалтады", - дейді Фил Джей.

Айта кетейік, ресми келіссөздер әлі болған жоқ. Бұған дейін Головкин мексикалық Хайме Мунгиямен мамырда жұдырықтасуы ықтимал екені хабарланған. Егер GGG жеңіске жетсе, онда ол қыркүйекте "Канеломен" үшінші жекпе-жегін өткізуге тырысады, ал Хайме жеңсе, болашақта Альвареске қарсы тұра алатын жаңа жұлдыз пайда болатыны хабарланған еді.