Нью-Йорктегі қазақ полицей Қанат Исламмен бір бокс кешінде жекпе-жекке шығады

Димаш Ниязов. Сурет: Ed Mulholland/Matchroom Boxing

Нью-Йоркте полицей болып істейтін қазақ боксшы Димаш Ниязовтың (13-1-3, 6 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Димаш 20 ақпан Майамидегі бокс кешінде жұдырықтасады. BoxRec.com мәліметінше, 32 жастағы Ниязовтың қарсыласы 29 жастағы аргентиналық Джонатан Эрнан Годой (5-7) болады. Жеңіл салмақтағы айқас алты раундқа есептелген. 

"Кім оралғанын табыңыздаршы? 20 ақпан, Майами. Кеттік!" - деп құлақтандырды Димаш Instagram желісі арқылы. 

Кейінгі рет Ниязов рингке 2018 жылы сәуірде шыққан. Ол кезде төрешілер шешімімен мексикалық Анхель Саринанеден (10-10-3, 4 КО) жеңілді. 

Жаңалықтар