Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов АҚШ-тағы жаппай тәртіпсіздік туралы ойын айтты

Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов АҚШ-тағы қара нәсілді ер адам Джодж Флойдтың өлімінен кейін басталған жаппай тәртіпсіздік туралы ойын айтты. 

"Наразылық шарасына қатысып жатқан бейбіт тұрғындар мен қаскөй бүлікшілер арасында үлкен айырмашылық бар. Мен полицияның зұлымдығына қарсы шығып жатқандарды қолдаймын, себебі мен де олардың мұндай әрекетіне қарсымын. Өзінің өкілеттігін пайдалана отырып, халықты өлтіріп жатқан полицейлерді ақтамаймын. Олар ондай форма мен белгі тағып жүруге лайық емес. Бұл естен адасу, мұны тоқтату керек. Бізге өзгеріс керек. Бізге бейбітшілік мен бірлік керек", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.



46 жастағы афроамерикалық жігіттің өлімі жергілікті АҚШ тұрғындарының ашуын тудырған болатын. Бейбіт басталған ереуілдің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Қайғылы оқиға 25 мамырда Миннесота штаты Миннеаполис қаласында болған еді.
Метки: