АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші жартылай орта салмақтағы WBO чемпионы америкалық Теофимо Лопес (22-2, 13 КО) пен оның жеңіліс көрмеген отандасы Шакур Стивенсонның (25-0, 11 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек толық 12 раунд өтіп, Стивенсонның айқын басымдығымен аяқталды. Төрешілердің шешімімен ол қарсыласын тас-талқан етіп, үш төреші де бірдей көрсеткен 119:109 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу барысында Шакур Стивенсон толықтай үстемдік танытып, Теофимо Лопестен бірінші жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді тартып алды.
Осылайша, жеңіліс көрмеген Шакур Стивенсон кәсіпқой карьерасында 25-рет жеңіске жетті, ал 22 жеңісі бар Теофимо Лопес екінші рет жеңіліске ұшырап отыр.
IT'S ALL OVER‼️
— DAZN Boxing (@DAZNBoxing) February 1, 2026
?️ Buy RING 6 NOW HERE --> https://t.co/FoiaUucafv#RING6 | Teofimo Lopez vs Shakur Stevenson | LIVE NOW | Exclusively on DAZN | @RingMagazine pic.twitter.com/SCZdS4FNUW
Bud Crawford mocks team Lopez after the fight ?
— DAZN Boxing (@DAZNBoxing) February 1, 2026
?️ Buy RING 6 NOW HERE --> https://t.co/FoiaUucafv#RING6 | Teofimo Lopez vs Shakur Stevenson | LIVE NOW | Exclusively on DAZN | @RingMagazine pic.twitter.com/zWWdhVeWXh
Жарнама