Жарнама

Бокс
Бүгін 17:50
 

Нұрсұлтанов келесіде Жәнібектен қашқан Адамеспен жұдырықтасады: егер...

  Пікірлер

blog.share

Нұрсұлтанов келесіде Жәнібектен қашқан Адамеспен жұдырықтасады: егер... ©instagram.com/meiirim.nursultanov/

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша толыққанды әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша толыққанды әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласында Нұрсұлтанов америкалық кіші Хесус Рамоспен (24-1, 19 KO) кездеседі. Бұл жекпе-жекте орта салмақтағы WBC-дің уақытша чемпионы атағы сарапқа салынады.

WBC жоспары

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейманның айтуынша, бұл жекпе-жектің жеңімпазы кейін дивизионның толыққанды чемпионы, доминикандық Карлос Адамеспен (25-1-1, 18 KO) жұдырықтасады.

"WBC президенті Маурисио Сулейман кіші Рамос мен Нұрсұлтанов арасындағы жекпе-жектің жеңімпазына келесі жекпе-жегін орта салмақтағы WBC-дің толыққанды әлем чемпионы Карлос Адамеске қарсы өткізу міндеттелетінін ашық мәлімдеді", – деп жазады Boxingscene.

Мейірім Нұрсұлтанов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткізіп, чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 KO) төрешілердің шешімімен жеңген.

Ал Хесус Рамос-кіші шаршы алаңға соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында шығып, отандасы Шейн Мозли-кішіді (23-5, 13 KO) төрешілер шешімімен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!