Жарнама

Бокс
Бүгін 09:38
 

Нұрсұлтанов ақыры WBC титулына айқасатын болды: жекпе-жек уақыты мен қарсылас белгілі

  Пікірлер

blog.share

Нұрсұлтанов ақыры WBC титулына айқасатын болды: жекпе-жек уақыты мен қарсылас белгілі ©instagram.com/meiirim.nursultanov

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (20-0, 11 KO) көп күткен келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (20-0, 11 KO) көп күткен келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Нұрсұлтанов 19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Қазақстандық боксшы орта салмақта WBC ұйымының чемпионы америкалық Хесус Рамоспен жұдырықтасады.

Мейірім WBC нұсқасы бойынша чемпиондық атаққа міндетті үміткер.


Кештің басты жекпе-жегінде бірінші жартылай орта салмақта WBC ұйымының уақытша чемпионы Исаак Крус өз титулын Нестор Бравоға қарсы қорғайды.

Айта кетейік, Нұрсұлтанов соңғы рет 2023 жылы шаршы алаңға шығып, чилилік Хулио Аламосты төрешілердің ортақ шешімімен жеңген болатын.

Қазақстандық боксшы бірнеше жылдан бері WBC белбеуіне міндетті үміткері болғанымен, титулдық жекпе-жек түрлі себептермен кейінге шегеріліп келді.

Нұрсұлтанов кәсіпқой рингте 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 11 жеңісі нокаутпен аяқталған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!